12:00, 03 Қараша 2009 | GMT +5
Оралдық гроссмейстер М.Қажығалиев Вьетнамда өтіп жатқан Азия ойындарына қатысуда
ОРАЛ. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық гроссмейстер Мұртас Қажығалиев Ханойда өтіп жатқан жабық ғимараттағы ІІІ Азия ойындарына қатысуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұртас Қазақстан құрамасы сапында рапидтен сынға түсуде. Шахматтың осы түрінен мұның алдында М.Қажығалиев Алматы шахмат федерациясы президентінің кубогі үшін өткен сайыста жеңімпаз атанды. Бұл жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстаннан халықаралық гроссмейстерлер қатысқан болатын.
Көптеген жарыстардың жеңімпазы Мұртас Қажығалиев - 2006 жылы Дохада өткен жазғы Азия ойындарының тез шахматтан чемпионы.