Оралдық қос студент қыздың батыл қимылы тонаушыларды құрықтауға мүмкіндік берді

ОРАЛ. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бұл 5 мамыр күні болған оқиға еді. «Жайық Пресс» ЖШС қызметкерін мекеме маңында белгісіз біреу сөмкесін жұлып алды да, қаша жөнелді.
None
None

Осы маңдағы кафеде тамақтанып тұрған қос қыз әйел адамның айқайын естіп, қашқан жігітті көрген бойда соңынан қуа жөнелді. Сөйтсе, кісі тонаушы қарақшылар екеу екен. Олардан қаймықпаған қала колледждерінің бірінде оқитын Әйгерім және Мәдина есімді қос құрбы Әбубәкір Кердері көшесіндегі бір үйдің ауласында машинасын қыздырып жатқан Жомарт деген ағайдан әлгілердің сол үйге кіріп кеткенін біледі. Осы тұста жол полициясының қызметкері Хайдар Жексенов те көмекке келеді. Ол рациямен хабарлап, өзі қыздардың айтуымен ішке кіріп, қарақшының бірін алып шықты. Көп ұзамай екіншісі де қолға түсті. Олар өз «олжаларын» бөлісіп те үлгерген екен. Қазір қылмыстық іс Абай ішкі істер бөлімінде қаралуда. Қарақшының бірі темір тордан жақында шықса, екіншісі шартты түрде жазасын өтеп жүр екен.

«Жайық Пресс» ЖШС басшылығы қос құрбының ерлігі үшін олар оқитын колледжге және полиция сержанты Х.Жексеновтің өз міндетін тез атқарғаны үшін БҚО ІІД жол полициясы басқармасына алғысхат жолдады.

Соңғы жаңалықтар