16:49, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Оралдық майдангер Белоруссияны неміс басқыншыларынан азат етудің 65 жылдығына орай ескерткіш медальмен марапатталды
ОРАЛ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында тұратын соғыс және еңбек ардагері Қосаман Орынбасаров Белоруссияны неміс басқыншыларынан азат етудің 65 жылдығына орай ескерткіш медальмен марапатталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қ.Орынбасаров Ұлы Отан соғысы кезінде белорус жеріндегі шайқастарға да қатысқан. Осыған байланысты Беларус елінің Президенті А.Лукашенконың жарлығымен ескерткіш белгімен марапатталып отыр.
Биыл 85 жасқа толған Қосаман Орынбасаров - ұзақ жыл облыстық «Орал өңірі» газетінде еңбек еткен ардагер.