Оралдық сақшылар саяжайларды салт атпен күзете бастады

ОРАЛ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті балалар мен жасөспірімдер ат спорты мектебімен бірлесіп мамыр айынан бастап Орал қаласы маңындағы «Асан», «Вишенка», «Березка» саяжайларын салт атпен күзетуді ұйымдастырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, атқа мінген сақшылар әзірге сәрсенбі және сенбі күндері шығуда. Күзет тобына учаскелік полиция инспекторының қос көмекшісі, ат спорты мектебінің екі қызметкері кіреді. Басты мақсат ? бау-бақша маусымы кезінде құқық бұзушылық пен қылмысқа жол бермеу. Аталмыш саяжайлар орналасқан Зеленов ауданы Мичурин ауылдық округінде 9,8 мыңнан астам адам тұрады. Өткен жылы мұнда 40 қылмыс тіркелсе, соның 30-ы ашылған. 2008 жылдың тамызынан бері округ аумағында «Үкі-9» жедел іздестіру тобының жұмыс жасауы нәтижесінде қылмыс азайып келеді.
Соңғы жаңалықтар