12:10, 16 Наурыз 2009 | GMT +5
Оралдық жас жеңіл атлеттер ел біріншілігінен күміс жүлдемен оралды
ОРАЛ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық жасөспірімдер Наташа Бартель мен Вера Косарева Қарағанды қаласында өткен жеңіл атлетикадан қысқы ел біріншілігінен олжалы оралды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олар 1994-1995 жылы туған балалар арасында 3 мың метрге спорттық жүрістен күміс жүлдені еншіледі. Олардың екеуі де спорттағы дарынды балаларға арналған интернатта оқиды. «Динамо» спорт қоғамының намысын қорғайтын жеңіл атлеттерді С.Скакунов пен И.Мироненко жаттықтырады.