Оралдықтар майдангерді мерейтойымен құттықтады

ОРАЛ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Соғыс және еңбек ардагері, М.Мәметова мұражай-үйі жанындағы «Фронтовичка» клубының төрайымы Алевтина Митрохинаның 85 жасқа толу мерейтойы атап өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Майдангерді қала әкімі Самиғолла Оразов, М.Мәметова мұражай-үйінің директоры Светлана Бектенова, облыстық және қалалық ардагерлер ұйымдарының өкілдері құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Саратов облысында дүниеге келген А.Митрохина медбике курсын бітіріп, майданға аттанды. Әсіресе, Сталинград шайқасы естен кетпек емес. Соғыстан кейін Орал қаласындағы медицина училищесін тәмамдап, осында ұстаздық етті.

Соңғы жылдары ардагер «Фронтовичка» клубына жетекшілік етіп, Мәншүктің батырлығын насихаттап, жастар тәрбиесіне үлес қосып келеді. Ол - Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың ерлік іздері мәңгілік қалған Невель қаласына сапар жасаған батысқазақстандықтың бірі.

Соңғы жаңалықтар