Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Жетісудан» ұтылып қалды

ОРАЛ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қыркүйектің 30-ында футболдан Қазақстан чемпионаты премьер-лигасының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» Талдықорғанның «Жетісуын» қабылдады.
None
None

Соңғы кезде «жетісулықтардың» ойын өрнегі жақсара түсіп, азулы командалардың бірі екендігін танытып үлгерді. Бұл жолы да Асқар Қожабергеновтің шәкірттері ширақ қимылдап, ойынның 19-минутында Серікжан Мұжықов есеп ашты. Осыдан кейін алаң иелері намысқа тырысып, әлсін-әлсін шабуылдағанымен, есепті өзгерте алмады. Екінші таймда «жетісулықтар» Алексей Щеткин мен Мақсат Байжанов бір-бірден доп соғып, есепті 3:0-ге жеткізді.

Сөйтіп супер-лигада қалу үшін жанталасқан командалар арасындағы бәсеке шиеленісе түсті. Бұл турда «Ақжайықтың» негізгі қарсыластары Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Алматының «Қайраты» 1:1 есебімен тең ойнады. «Оқжетпес» 19 ұпаймен соңғы орында қалса, 21 ұпай жинаған «Қайрат» «Ақжайықтан» (20 ұпай) бір саты жоғары көтерілді. Қазанның 15-інде өтетін келесі турда Алматыда дәл осы «Қайрат» пен «Ақжайықтың» кездесуінде біраз мәселе шешіледі.

Соңғы жаңалықтар