Оралдың «Ақжайығы» премьер-лигаға шығу үшін Көкшетаудың «Оқжетпесімен» кездеседі

ОРАЛ. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасында екінші орынды иеленген Оралдың «Ақжайығы» қарашаның 8-де Алматы қаласында Көкшетаудың «Оқжетпесімен» премьер-лига жолдамасын сарапқа салады.
None
None

Команда бастығы Виталий Немолочновтың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, қазір «Ақжайық» маусымдағы ең соңғы да жауапты ойынға қызу әзірленуде. «Оқжетпес» - премьер-лигада он бірінші орын алған команда.

Қарашаның 6-да Алматыға бет алатын батысқазақстандықтар барын салмақшы. Бір ғана ойын кубоктік сипатта өткізіледі. Яғни негізгі екі таймда командалар тең түссе, қосымша уақыт белгіленеді. Жеңімпаздар мұнда да анықталмаса, қақпаға пенальти соғу ғана қалады.

Соңғы жаңалықтар