Оралдың «Ақжайығы» сырт алаңда «Ақтөбе-Жасты» ұтты

Бірінші таймның 3-минутында Ержан Жарылғағанов доп соғып, алаң иелерін алға шығарды. Алты минуттан кейін оралдықтардан сербиялық легионер Миленко Рашкович қарымта қайырды. 56-минутта «Ақтөбе-Жастан» Олжас Алтаев өз қақпасына доп кіргізіп алса, 85-минутта Александр Вольф есепті теңестірді. 90-минутта М.Рашкович екінші рет мергендік танытып, «Ақжайыққа» жеңіс әперді.
Бұл турдан кейін 46 ұпай жинаған «Ақжайық» бұрынғысынша үшінші орында келеді. 68 ұпайымен Қаскелеңнің «Сұңқары» премьер-лига жолдамасын қазірдің өзінде иеленсе, екінші сатыдағы Көкшетаудың «Оқжетпесінің» 50 ұпайы бар. Көкшеліктер бұл турда «Іле-Сәулетке» 0:1 есебімен есе жіберді. «Оқжетпес» 23 қыркүйекте Ақтауда «Каспиймен» күш сынасса, «Ақжайық» бұл турға қатыспайды. Одан кейін батысқазақстандықтар 30 қыркүйекте өз алаңында Талғардың «Ақбұлағын», 3 қазанда «Сұңқарды» қабылдайды.