14:52, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
Оралға ақтөбеліктерден көмек келді
ОРАЛ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ға республиканың өзге өңірлерінен гуманитарлық көмектің келуі жалғасуда.
Бүгін Ақтөбеден он тонналық алғашқы жүк көлігі келді. Таяуда тағы бірнешеуі келіп жетпек.
Ақтөбеліктер дәрі-дәрмек, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар ғана емес, 5 тонна цемент пен құрғақ қоспа жіберген.
Гуманитарлық жүкті «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы мен «Жас Отан» ЖҚ өкілдері қарсы алды. Олар ақтөбеліктерге шынайы ризашылығын білдірді.
«Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалы қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Сейталинаның айтуынша, гуманитарлық жүк аса қысқа мерзімде жиналған. Оған құрылыс фирмалары, кәсіпкерлермен қатар қарапайым адамдар да өз үлестерін қосқан.