07:57, 02 Қараша 2009 | GMT +5
Оралға қарасты кенттерде пошта бөлімшелері ашылды
ОРАЛ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралға қарасты Круглоозерный, Серебряков кенттерінде пошта бөлімшелері ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазпошта» АҚ облыстық филиалы биыл өңірде осымен он бір ғимаратты республикалық бюджет есебінен іске қосып отыр. Аталмыш бөлімшелерде тұрғындар дәстүрлі пошта қызметтерімен қатар коммуналдық төлемақыны төлеп, несие, жалақы, зейнетақы ала алады.
«Қазпошта» АҚ БҚО филиалының директоры Мағал Бекмағамбетовтің сөзіне қарағанда, биыл жыл аяғына дейін ауылдық жерде бес, қалада үш пошта бөлімшесін ашу көзделіп отыр.