20:37, 04 Қараша 2009 | GMT +5
Оралмандар отбасында үшем дүниеге келді
АҚТАУ. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Маңғыстаулық оралмандар жанұясында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сәбилер соңғы бес жылда оралмандар жанұясында алғашқы рет дүниеге келіп отыр.
МО Көші -қон департаменті бастығының орынбасары Амангүл Жайылханованың айтуынша, департамент комиссиясының шешімімен Қонысбаевтар жанұясына 848 мың теңге квота бөлінген және жаңа туылған нәрестелерге 427 мың теңге көлемінде қосымша квота тағайындалып отыр.
Өзбекстаннан көшіп келген Қонысбаевтар отбасы қазірде Жаңаөзен қаласында пәтер жалдап тұрады.
Енді Жаңаөзен қаласының әкімдігі оларға пәтер мәселесін шешіп беруді қарастырып жатыр.
Аман, Есен, Тұрар есімді сәбилердің қазір денсаулықтары жақсы, оларға жергілікті денсаулық сақтау мекемелерінен арнайы медициналық көмектер көрсетілуде.