Оразалы Сәбден «Жаңа Түркістан - Рухани астана туралы» жаңа заңын қабылдауды ұсынды

АЛМАТЫ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Түркістанда көне сәулет үлгісімен жаңа қала салу қажет.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Түркістан өңірі» рухани және жаңа технологиялық кластерін құру» деп аталатын жаңа мегажобаның тұсаукесерінде айтылды.

Мегажобаның авторы - Қазақстан ғалымдар одағының президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР ҰИА академигі, экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден. Оның  негізгі миссиясы - Түркістанды рухани астанаға сайналдыру арқылы, тарихымызда тұңғыш рет бір аймақ мысалында адамзаттың рухани дамуын және алтыншы технологиялық тәртіпті үйлестіру арқылы инновациялық даму мүмкіндігінің қазақстандық жаңа үлгісін дүниежүзіне көрсету болмақ.

Автордың айтуынша, бұл үшін  мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет: «Парламентте Жаңа Түркістан - Рухани астана туралы» жаңа заң қабылдау;  Түркістан өңіріне «Еркін экономикалық аймақ» дәрежесін беру; Түркістан аймағын 5 жылға дейін салықтан босату; Халықаралық дін академиясын ашып, Дінтану орталығын құру; Қоғамды ізгілендіру туралы «Ғылым орталығын», Қоғамдық ғылымдар академиясын, Мәдениет университетін ашу; Дүниежүзі тарихы дамуының көрінісі-паркін, көне тарихтан бастап қазіргі күнге дейінгі тарих қазынасы мұражайын, археология музейін, «Байқоңыр-Семей» ядролық қауіпсіздік паркін жасау; «Тұран даласы», «Жаңа Түркістан - Рухани астана», «Рухани технологиялық кластер», «Имидж Казахстана» халықаралық журналдарын шығару. Туркістан туралы деректі, тарихи және көркемсуретті фильмдер, телесериалдар түсіру және Рухани астана Әнұранын қабылдау; Көне сәулет үлгісіндегі жаңа қала салу. 

Соңғы жаңалықтар