Ордабасы ауданында 739 іріқараға арналған 130 мал бордақылау алаңы ашылды

Оның айтуынша, тапсырылған 33 800 гектар суармалы жерді игеру 98,1 пайызға орындалып, есепті кезеңде нақты 33 158 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары егілді, деп мәлім етті аудан әкімі. Сондай-ақ ауданда жеміс-көкөніс сақтауға арналған, сыйымдылығы 10 920 тонна құрайтын 10 қойма жұмыс істейді. 33 техниканы жаңарту тапсырылса, қазіргі таңда 36 дана техника алынып, тапсырма 109,1 пайызға орындалды. Төрт асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал басын асылдандыру бағытында жұмыс жасауда. Ауданда асыл тұқымды 20 160 бас қой, 6481 бас шошқа бар. Есепті кезеңге «Сыбаға» бағдарламасы 123,4 пайызға орындалды. Ал етті және сүтті бағытта нақты 7 390 бас мал ұрықтандырылды. Ауданда сыйымдылығы 570 бас ірі қара малды құрайтын 44 бордақылау алаңдарын ашу тапсырылса, есепті кезеңде нақты ашылғаны - 130, сыйымдылығы 739 ірі қара мал. Тапсырма артығымен орындалып отырғандығын айтты аудан әкімі Самат Сапарбаев.