Орман өрті кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетілді - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Шарбақты және Лебяжі аудандарында болған орман өрті кезінде қаза болған алты марқұмның отбасына аймақ әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша 1 миллион теңгеден жәрдемақы берілді, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен. «Ертіс орманы» резерваты да, марқұмдардың туған-туыстарына жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға 300 мың теңгеден көмек көрсетті.
None
None

Үй аралап жүргізілген тексерудің барысында, үш үйде 11 бас малдың жанып кеткені анықталды, облыс әкімінің шешімі бойынша бұл шығын толық өтелетін болады. 40-50 бас мал ұстап отырған он тоғыз жеке шаруашылық жемшөптен мұқтаждық көруде, оларды шөппен қамтамасыз ету үшін ауданда бригадалар жасақталып отыр.

Зардап шеккендерге көрші аудандар да көмек қолын созуда - Павлодар ауданынан 100 тонна пішен жеткізілсе, Шарбақты ауданының «Победа» ЖШС-інен 20 тонна жем жеткізілді.

Кеше, қыркүйектің 10-ында облыс әкімінің орынбасары Роман Скляр Жабағылы ауылы тұрғындарының жиынына қатысты. Ауыл тұрғындары ақсақалдар мен тұрғындардың қатарынан жұмыс комиссиясын құрды, комиссия зардап шеккендерге материалдық көмек үлестіреді.

Соңғы жаңалықтар