Өрт қауіпсіздігі саласында тәуелсіз бағалау жүйесін құру кәсіпкерлер субъектілерінде болатын тексерістер санын едәуір азайта түседі - В. Божко

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Өрт қауіпсіздігі саласында тәуелсіз бағалау жүйесін құру кәсіпкерлер субъектілерінде болатын тексерістер санын едәуір азайта түседі.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заң жобасына сәйкес, өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлер бойынша тәуелсіз бағалау жүйесі мемлекеттік меншіктегі нысандарға, халық көп шоғырланатын орындарға жүргізілмейді. Бұндай нысандардағы өрт қауіпсіздігі мемлекеттік өртті бақылау қызметінің құзіретінде болады. Ал бұндай субъектілердің республика бойынша саны шамамен алғанда 45 мыңнан асады. Ал мемлекеттік өртке қарсы инспекторлар саны мың адамнан да аспайды», деді В. Божко. Министрдің айтуынша, заң жобасы бойынша қамтылып отырған өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуелсіз бағалау жүйесінің қызметін 65 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер субъектілері пайдалана алады.

«Біздің есептеуімізше, өрт қауіпсіздігі саласында тәуелсіз бағалау жүйесін құру жеке кәсіпкерлер субъектілерінде болатын тексерістер санын едәуір азайта түседі. Бұл ретте мемлекеттік шығындарды арттырмай-ақ шаруашылық нысандардағы өрт қауіпсіздігі деңгейін сақтап тұруға мүмкіндік болады. Бұдан бөлек, құжат бойынша өртке қарсы ерікті құрылымдарды құру шаралары да көзделген», деді В. Божко.

Соңғы жаңалықтар