Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуелсіз тәуекел дәрежесін бағалауды енгізу мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуелсіз тәуекел дәрежесін бағалауды енгізу мәселесі төңірегіндегі дөңгелек үстел өтті.
None
None

Оған ТЖД басқарма, бөлім басшылары, анықтау саласын жүргізуге бекітілген тұлғалар, «ӨСжАҚЖҚ» ММ ҚФ қызметкерлері қатысты.

Басқосуды ТЖД бастығының орынбасары өртк қарсы қызмет подполковнигі Б.Данилов алғы сөзбен ашып, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі А.Қожақов арнайы баяндама жасады.

ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының арнайы есепке алу бөлімінің бас маманы Р.Бақбергенов өз кезегінде жиналған сала қызметкерлеріне түсіндірме берді.

Жоспарлы тексерулерді жоспарда көрсетілген кезеңнен бөлек кезеңде жүргізу тәртібі және өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуелсіз дәрежесін бағалауды енгізу мәселесін басты тақырып еткен кеңес барысында қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды. «Атамекен» одағы Қазақ ұлттық экономикалық палатасы филиалы директорының орынбасары Ж.Берденова бірлесіп тексеруге шығу жөнінде ұсыныс жасады. Қызылорда кәсіпкерлер ассоциациясы директорының міндетін атқарушысы К.Жанғабылова да өз кезегінде тексеруге барған кезеңде өрт бақылау қызметкерлерінің арнайы журналға жазылып қоюы қажеттігі туралы өтініш білдірді. Облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы Ә.Қуантаева осындай дөңгелек үстелдердің жиі-жиі ұйымдастырлуы туралы тілек айтты.

Соңғы жаңалықтар