Өрт шығу қаупі жоғары кезеңге әзірлік жіті жүргізілуі керек - Павлодар облысының әкімі
Орман және аң аулау шаруашылығы облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Жанат Нұралиев өртке қарсы күресу шаралары туралы баян етті. Атап айтқанда, қарағайлы органдарды айналдыра минералдандырылған 1200 шақырым жаңа қорғаныс жолақтары жыртылды, 16 мыңнан астам шақырымға созылған ескі қорғаныс жолақтары қайта жыртылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері мен аумақтық инспекцияның ірі орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру кезіндегі өзара іс-қимылдарының жаңа нұсқаулығы әзірленді. Жаттығулар өткізілді, түрлі ведомстволармен келісімдер жасалды.
Бірақ, өткен жылы жол берілген қателіктерді ескере отырып, қандай шаралар қабылданды деген облыс әкімінің сауалына Ж.Нұралин жауап бере алмады. Естеріңізге сала кетейік, былтыр қыркүйек айында «Ертіс орманы» резерватының Көкжал және Первомайский орман шаруашылықтарында болған үлкен өртті сөндіру кезінде 7 адам қаза тапқан еді.
Б.Сағынтаев, ормандардың сақталуына жауапты барлық шенеуніктерді өткен жылдардың қателіктерін ескеруге және биылғы маусымда сол қателіктерге жол бермеуге шақырды. «Әзірленуге әлі уақыт бар», -деп түйіндеді әкім өз сөзін.