11:50, 21 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Өрт сөндіру бөлімшелерін шалғай ауылдарда да ашу қажет
ОРАЛ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Өрт сөндіру бөлімшелерін шалғай ауылдарда да ашу қажет. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат жетекшісі Сейітқажы Оқасовтың осы салаға қатысты барлық бөлімшелер басшыларымен кездесуінде айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш мәселе алдағы уақытта мұқият қаралатын болады. С.Оқасов облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 2009 жылғы жұмыс қорытындыларына жалпы қанағаттанарлық деген баға берді. Мейман сондай-ақ Орал қалалық жедел құтқару, төтенше жағдайлар басқармасы қызметімен де танысып, өрт-техникалық музейінде болды.