Өрт сөндірушілер күші Бәйімбет ауылының маңындағы өрт ошағына ауыстырылды - Павлодар облысы

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Өрт сөндірушілер күші Павлодар облысы Бәйімбет ауылының маңындағы өрт ошағын сөндіруге ауыстырылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Бәйімбет ауылының маңында өрт болып жатыр, барлық күштер мен құралдар соны сөндіруге жұмылдырылды. Оған қоса, тікұшақтар «Ертіс орманы» резерваты Шалдай филиалы мен Первомай орман шаруашылығының аумақтарын аралауда», делінген ведомствоның ақпаратында.

Жабағылы ауылының маңындағы өрт ошағы ауыздықталғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Ауылдан жедел көшірілген тұрғындар қазір үйлеріне қайтып оралып жатыр.

Қазір өртпен күресуге барлық салалық құрылымдардың күштері, атап айтқанда Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары, Қорғаныс министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның, әкімдіктердің қызметкерлері және ерікті өрт сөндірушілер жасақтары жұмылдырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар