Орталық Азия бойынша Еуропарламент делегациясының басшысы Еуропалық парламенттің Қазақстан халықтары Ассамблеясы тәжірибесін үйренуге мүдделі екенін атап өтті

sp;БРЮССЕЛЬ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Брюссельде Бельгия Корольдігіндегі және Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуроодақ және НАТО жанындағы ҚР миссиясының басшысы Ерік Өтембаев Орталық Азия және Моңғолия бойынша Еуропарламент делегациясының басшысы Паоло Бартолоццимен (Италия) кездесу өткізді.
None
None

Тараптар «Қазақстан-Еуроодақ» парламентаралық ынтымақтастық комитеті жұмысының жай-күйі мен перспективасын талқылады, сондай-ақ түрлі салалардағы қазақстан-еуропа әріптестігінің даму қарқынын атап көрсетті.

Елші депутаттарды Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етудегі басымдықтарымен таныстырды. Ол сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары, міндеттері, құрылымдары және қызметтері туралы әңгімелеп берді.П.Бартолоцци Қазақстанның төзімділік, конфессияаралық және ұлысаралық келісімдер салаларындағы қолданып отырған шараларына жоғары баға берді және Еуропалық парламенттің Қазақстан халықтары Ассамблеясының тәжірибесін үйренуге мүдделі екенін атап айтты. Елші депутатқа Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысу үшін Қазақстанда болуды ұсынды. Сонымен қатар Е.Өтембаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Күндерін Еуропалық парламентте өткізуді ұсынды.

Кездесуде Елші Қазақстанда адам құқығы саласындағы атқарылған басқа да шараларға тоқталды.

Соңғы жаңалықтар