Орталық Азия елдерінің министрлері орман ресурстарын қорғау бойынша іс-шараларды күшейтуге шақырады - ҚР АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында 30-31 мамыр аралығында орман саласындағы стратегиялық ынтымақтастық бойынша Орталық Азия елдерінің бірінші министрлер конференциясы өтеді, деп хабарлайды www.primeminister.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сіцлтеме жасап.
None
None

Конференцияға ҚХР, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстанның орман шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік органдарының басшылары қатысады.

«Конференция барысында орман шаруашылығы саласындағы трансшекаралық және өңірлік ынтымақтастықты дамыту, бірлескен бағдарлама мен жобаны және ғылыми зерттеулерді іске асыру мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, қатысушылар өздерінің әріптестерін ормандылықты ұлғайту, орман аурулары мен зиянкестерін, заңсыз ағаш кесулерді азайту, орман өрттерін болдырмау жөніндегі іс-шараларды күшейтуге шақырады», - делінген АШМ таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар