Орталық Азиядағы шетел инвесторларының 80 пайызы Қазақстанда - Н.Назарбаев

«Қазір Орталық Азиядағы шетел инвесторларының 80 пайызы Қазақстанға келді. Тәуелсіздік жылдарында біз елде тұрақты инвестиялық ахуал қалыптастырдық» деді Мемлекет басшысы.
Елбасының атап өтуінше, осы кезеңде шетелдерден 170 млрд. долларға жуық тікелей инвестиция тартылды. Ал еліміздің ішкі инвестициялары 200 млрд.-тан асты. «Біздің экономикамыздың қарқынды өсуіне ықпал еткен факторлардың бірі осы болды», деді ҚР Президенті.
Сонымен қатар Елбасы өз сөзінде еліміздің банк жүйесі Батыс Еуропаның жүйесімен бірдей болып келе жатқандығына, соңғы кездері инфлияция 5-6 пайыздан аспайтындығына, теңгенің тұрақтылығына ерекше тоқталып өтті.
«Ұлттық қорда 85 млрд. доллар резервіміз бар. Газ, мұнай және басқа да жер қойнауынан алынатын ақшалардың барлығын біз болашақтың қорына саламыз. Ол қорларды қазір инвестициялық-инновациялық бағдарламалардың орындалуы үшін пайдаланып отырмыз», деді Н.Назарбаев.