«Орталық-Оңтүстік» және «Орталық-Батыс» автожол құрылысына 760 млрд. теңге бөлінеді - ҚР Ұлттық экономика министрі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған мәселелер бойынша мәлімдеме жасады.
None
None

Оның айтуынша, Үкімет Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес 7 негізгі бағытты іске асыру бойынша ауқымды және жауапты жұмысқа кірісті.

Жұмыстың басты бағыты елдің көліктік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға негізделген. "Хаб қағидаты бойынша макроөңірлерді қалыптастыру шеңберінде инфрақұрылымы өзара байланыстағы қалалар қаңқасын құрау қарастырылуда. Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен өңірлерінде теңбе-тең даму мен кооперациялану үшін жағдай жасау мақсатында тарту орталықтары болады", - деді Е.Досаев. Оның айтуынша, міндеттерді шешу үшін елдің көліктің инфрақұрылымын шұғыла қағидаты бойынша дамыту қажет.

Бұл үшін 2015 жылдан бастап 2020 жылдары аралығында ірі автожол жобалары «Орталық-Оңтүстік» (Астана-Қарағанды-Балқаш-Алматы), «Орталық-Шығыс» (Астана-Павлодар-Қалбатау-Өскемен), «Орталық-Батыс» (Астана-Арқалық-Торғай-Шалқар-Бейнеу-Ақтау) іске асырылады және республикалық маңызы бар автожолдар қалпына келтірілетін болады. «Осы жобаларды іске асыруға ҚР Ұлттық қорынан 2015 жылы 178 млрд. теңге, 2016 жылы 143,3 млрд. теңге бөлінетін болады. Осы жобаларды қаржыландыру 2020 жылға дейін жалғасады, сондай-ақ қосымша қаржыландыру көлемі жобаларды іске асырған сайын нақтыланатын болады. Президент Жолдауында айтылғандай, автожолдар құрылысын салу мен қалпына келтіру бойынша жобаларды іске асыру халықаралық қаржылық ұйымдармен бірлесе жүргізіледі. Жобаларды жүзеге асыру кезеңінде 2020 жылға дейін халықаралық қаржылық ұйымдар (Дүниежүзілік банкі, Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі) желісі бойынша қаржыландыру көлемі «Орталық-Оңтүстік» және «Орталық-Батыс» жобалары бойынша шамамен 760 млрд. теңгені құрайды», - деді министр.

Аталған жобалар 2020 жылдарға дейін автожол құрылысы саласында шамамен 200,0 мың жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар