Орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы мен Тәжікстан Президенті жанындағы Есірткіні бақылау агенттігі құпия ақпараттары алмасу және қорғау туралы келісімге қол қойды

МАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Есірткі құралдары, психтропты заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы (ОААҮО) мен
None
None

Тәжікстан Үкіметі арасында ОААҮО-ға қатысушы-мемлекеттермен құпия ақпараттарды алмасу және қорғау жөніндегі келісімге қол қою рәсімі болды. ОААҮО директоры Бексұлтан Сәрсековтың айтуынша, Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің шешімі бойынша наурыз айында Құпия ақпараттарды алмасу және қорғау жөніндегі келісім ішкімемлекеттік процедураларды жүзеге асырып, қол қою үшін Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанға жіберілген. Олардың арасынан бұл үдерісті ең бірінші боп Тәжікстан жүзеге асырып отыр. Оған ОАВАҮО тарапынан Бексұлтан Сәрсеков, Тәжікстан Үкіметі жағынан Президент жанындағы Есірткіні бақылау агенттігінің директоры Рустам Назаров қол қойды.

"Қазір бұл үдеріске Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан да дайын. Ал 2012 жылдың 1-жартысында келісімге Түрікменстан, Ресей және Өзбекстан мемлекеттері де қол қояды деп жоспарлануда. Біз үшін оның маңызы өте зор. Бұл бір-бірімізбен құпия мәлімет алмасуға құқықтық жол ашады. Кейбір елдер келісімінің жоқтығын сылтауратып кейде құпия ақпараттарды бізге бермеуде. Қазір біз есірткіні келілеп ұстасақ, ертең тонналап ұстайтын шығармыз деген үмітіміз бар", - дейді генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсекұлы.

Соңғы жаңалықтар