Орталықазиялық парламенттік топтың бірінші отырысы қараша айының ортасында өтеді - Лондон

ДОН. Қазанның  31-і. ҚазАқпарат /Бэла Құдайбергенова/ -    Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен  Корольдігінің    Парламентіндегі жаңадан құрылған    Орталықазиялық топтың  бірінші  мәжілісі  ағымдағы жылдың  қараша айының  ортасына белгіленіп  отыр.
None
None

Халықаралық  сарапшы Джон Коллистің айтуынша,  Орталық  Азия   елдерінің ішінде, британдық   саяси  элитаның  ерекше ықыласын Қазақстан    Республикасы  аударып отыр. Республика    көптеген  салаларда,  атап  айтқанда,  экономикада,  мәдениет пен спортта, сондай-ақ үлкен  саясатта    өзін әлемге  танытып  отыр.   Қазақстанның келесі  жылы Еуропадағы қауіпсіздік  және ынтымақтастық   ұйымына төрағалығын  да үлкен  жетістік  деп  айтуға болады.   Сарапшының пікірінше,    шығыстың    даналығы  мен    еуропалық   прагматикалықтың  үйлесімі   қос тарапқа  да   жақсы жетістік  береді. «Аймақтағы    көршілермен  салыстырғанда,  Қазақстан,сөзсіз,    жақсы дамып келеді.     Ел  ұстанған  саяси     бағыттың    күшті   жағы   сол,    батыстық   дүниетаным  мен шығыстық   ментальдылықтың арасында  белгілі   бір  теңгерімге  қол жеткізілген»,  дейді Д.Коллис.

Соңғы жаңалықтар