08:38, 03 Мамыр 2011 | GMT +5
Өртке байланысты Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жатақханасынан 17 адам көшірілді
АНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласындағы Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жатақханасының қойма бөлмесінде өрт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.
Тілсіз жау екі сағаттан кейін ауыздықталды. Оның шарпыған жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру барысында ажал аузынан жаңа туылған нәресте құтқарылып, тағы 17 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Жалынмен күреске ҚР ТЖМ ОҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 15 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.