Өртті сөндіруге арналған тіркемелі цистерналардың алғашқы партиясы Екібастұздың ауылдық аумағының ауылдарына жеткізілді

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Дала өртімен күрес және шалғайдағы ауылдардың тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Екібастұзда бес тіркемелі су цистернасы сатып алынды,
None
None

деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Екінші жартыжылдықта қосымша 5 цистерна алынады. Олардың әрқайсысының құны 1,6 млн. теңгеден асады, қаржы қалалық бюджеттен бөлінді.

Су тасымалдайтын цистерналар мәселесі биылғы жылы қала басшысы Александр Вербняктің есептік кездесуі барысында көтерілген еді. Ауылдықтардың тілегі орындалды.

Цистерналар кез-келген дала тоғанынан су алуға мүмкіндігі бар қуатты сорғыштармен, оны құмнан тазалай алатын сүзгіштермен, жиырма метрлік өрт сөндіру түтік құбырымен қамтамасыз етілген.

Қала әкімінің ауыл шаруашылығы бойынша орынбасары Нұрлан Құлжан су тасымалдаушылардың техникалық құжаттарын Сарықамыс, Өленті, Шиқылдақ, Ақкөл мен Марғұлан атындағы ауылдардың әкімдеріне табыс етті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум