Орын алған табиғи өртті сөндіру үшін Павлодар облысының ТЖД қызметі жедел түрде жұмыс істеді

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметі Шарбақты ауданында болған табиғи өртті сөндіруде жедел жұмыс атқарды, деп атап өтті Павлодарда өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.
None
None

«Қыркүйктің 8-і күні, сағат күндізгі 12-де дала өрті жайлы ақпарат келіп түсті, жалын аумаққа тез тарап, бір сағат ішінде 600 гектар отқа оранды, тағы бір сағат өткен соң 1,5 мың гектар аумақ жанып кетті. Аудандық өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел келіп, Үкімет отырысында өртке қарсы қауіпсіздік туралы айтылған ҚР Президетінің тапсырмасы оң нәтижесін берді. Президент табиғи өрт бола қалған жағдайда арнайы жоспар құрып, арнайы топ әзірлеуді тапсырған болатын, оның барлығы жүзеге асырылды. Әкім орынбасары Александр Вербняктың басшылығындағы облыстық штаб бірден өз жұмыстарына кірісті.

Тілсіз жау ауыздықталғанымен, бізге орман өртін сөндіру кезінде үш сатылы автокөліктер мен отқа оранған жерлерді қазу үшін техника өте жетіспеді», - дейді В.Божко.

Біз осыдан бір қорытынды шығарып, ҚР Президентіне Төтенше жағдайлар министрлігіне материалдық-техникалық жабдықтарға қатысты қолдау танытуын өтініш білдіруіміз керек деді ол.

Соңғы жаңалықтар