20:21, 24 Тамыз 2010 | GMT +5
Орынбор өкімет орындары «Алашорда» үкіметіне қатысы бар ғимараттарды қорғау туралы шешім шығарды
МӘСКЕУ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Орынбор қалалық кеңесі Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қазақ халқы үшін тарихи құндылық болып табылатын ғимараттарды мәңгі есте қалдыру туралы бастамасын қолдады.
Дипломатиялық өкілдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық кеңестің шешіміне сәйкес таяудағы уақыттарда 1917-1920 жылдар алғашқы «Алашорда» қазақ үкіметі отырыс өткізген және 1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінің редакциясы орналасқан және оның бас редакторы Ахмет Байтұрсынов тұрған үйлерге мемориалдық тақталар орнатылатын болады.