Орынборда 2009 жылдан бері іздеуде болған ақтөбелік алаяқ әйел ұсталды

АҚТӨБЕ. 19 қазан. ҚазАқпарат - РФ-ның Орынбор қаласында «Іздеу» шұғыл-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 2009 жылдың қаңтарынан бері іздеуге жарияланған Ақтөбенің 46 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Ақтөбе тұрғындарына «Жаңа үй» бағдарламасы бойынша пәтерлер алуға көмектесуді уәде еткен әйел өздерінің құрбандарына жалпы сомасы 16 миллионнан астам теңгеге шығын келтірді.

Ұсталған азаматша Орынбор қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі кезде оны Минск конвенциясына сәйкес қайтару мәселесі шешілуде.

Соңғы жаңалықтар