20:00, 02 Мамыр 2013 | GMT +5
Орынборда өткен аймақаралық студенттер шығармашылығы фестивалінен «Батыс» тобы бас жүлдемен оралды
ОРАЛ. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Орынборда өткен «На Николаевской - 2013» ХХІV аймақаралық студенттер шығармашылығы фестиваліне батысқазақстандықтар да қатысып, олжалы оралды.

Аталмыш фестиваль Орынбор өңірінде жиырма үш жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Оған Ресей мен Қазақстан қалаларынан үздік студенттер ұжымдары мен жекелеген орындаушылар қатысып, ән, би, театр және ерекше жанр бойынша сынға түсті.
«БҚО жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш фестивальға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы және Құрманғазы атындағы музыка колледжінен 38 өнерлі жас барып қайтты. Соның ішінде «Батыс» тобы бас жүлдені иеленсе, ерекше жанрдан Fashion Exclusive ARI тобы үшінші жүлдені еншіледі. Сондай-ақ вокалдан Айдана Әжіғалиева бірінші, Азамат Оразбай мен Әділет Орашев екінші, Нұрлыбек Байнияз үшінші орынға көтерілді.