Орынборда ««Ұлы Отан соғысындағы халықтардың әскери бауырластығы» халықаралық дөңгелек үстелі өтті (ФОТО)

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Орынбордағы «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» халықаралық еске алу шарасы аясында «Ұлы Отан соғысындағы халықтардың әскери бауырластығы» халықаралық дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлады Орынбор облысының үкіметі мен губернаторы аппаратының ақпараттық саясат басқармасынан.
None
None

Шара Н.К.Крупская атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті.

Дөңгелек үстелде тарихты есте сақтап қалудың маңызы, оны бұрмалануына жол бермеу керек екені айтылды.

Қазақстан Республикасы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақтөбе облысы бойынша хатшылығының меңгерушісі Жолдас Нұршин «Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізі ретінде әскери жылдардағы интернационалдық достық» баяндамасын оқыды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Орынбор губернаторлық тарихи өлкетану мұражайын аралады. Мұнда Орынбор аумағында соғыс жылдары құрастырылған 14 дивизияның әскери тулары және Ресей әскери-тарихи қоғамдастығының тулары қойылды.

Мұражайда қонақтарға Орынбор қаласының әскери-патриоттық клубтары дайындаған көрме көрсетілді. Онда ортағасырлық қару элементтері, сауыт-саймандардың үлгілері, XIII ғасырдағы тарихи киімдер, қолөнер туындылары қойылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум