Орыс театрының жаңа қойылымы А. Чеховтың 150 жылдық мерейтойына арналды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық орыс театрының труппасы Антон Чеховтың 150 жылдық мерейтойына арнап «Чайка» пьесасының жаңартылған қойылымын көрермендер назарына ұсынды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қойылым режиссері С.Сеспель атындағы Чуваш Республикасы мемлекеттік сыйлығың иегері, ҚР мәдениет қайраткері Иосиф Дмитриев классик жазушының шығармасын қазіргі талап тұрғысында да қоғамдық маңызын жоғалтпай отырғандығын аңғартуға тырысқан. Актерлер труппасы да әр кейіпкердің мұңы мен қуанышын, өнер адамының тағдырын, өмір шындығын іздеу жолдарын, рухани толымсыздық күресін, ұрпақтар қарым-қатынасын нанымды бейнелеуге әрекеттенген. Анатолий Григорьев, Людмила Недзельская, Виктор Крылов, Ольга Храмцова, Василий Гречанников сынды актерлер режиссерлік талап биігінен көріне алды. Қойылым соңында өткізілген көрермендермен жүздесуде режиссер осы туындыны таңдап алуы, өзінің шығармашылық жолы және алдағы міндеттері, актерлік шеберлік, кейінгі буын актерлер жайындағы сауалдарға жауап берді.

Соңғы жаңалықтар