Орыс тілі байқауынан жеңімпаз атанған батысқазақстандық оқушы республикалық сынға қатыспақ

ОРАЛ. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің 10-сынып оқушысы Әлихан Қалиев Астана қаласында өтетін орыс тілі білгірлерінің республикалық байқауына қатыспақ.
None
None

Ол облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл - барлық білімнің кілті» атты орыс тілі білгірлерінің облыстық байқауында жеңімпаз атанды.

Жастарды тағаттылыққа тәрбиелеу, тілдерді меңгеру, яғни үш тұғырлы тілдің жобасын іске асыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы бұл байқау облыста осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылды.

Байқау 50 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы, эссе жазу, билет суыру бойынша ауызша жауап беруден тұрды. Байқауды ұйымдастырушылар бір ғана жеңімпаз - «бас жүлде» аталымын белгілеген. Қатарынан озып шығып, білімінің тереңдігін танытқан Әлихан Қалиев жалғыз жүлдені қанжығасына байлады. Осы мектептің 9-сынып оқушысы Адина Абдығалиева да байқауда жоғары баллға қол жеткізді. Қатысушылардың бәрі арнайы дипломмен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар