ОСК Мәжіліс сайлауына келетін 300-ден астам байқаушыны тіркеді
"Осы тіркелген байқаушыларды есептегенде бізде 6 халықаралық ұйымнан және 29 шет елден барлығы 695 байқаушы тіркелді. Байқаушыларды аккредитациялау 9 қаңтарда аяқталады. ҚР Сыртқы істер министрлігі бүгін Орталық сайлау комиссиясына уақытша және тұрақты тіркелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің тізімін ұсынады", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова.
Атап айтқанда, олардың 292-сі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Қазақстандағы кезектен тыс Парламенттік сайлауды байқау жөніндегі байқаушылар, 257-сі ТМД байқаушылар миссиясынан, 11-і Шанхай ынтымақтастық ұйымынан, 9-ы Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен, 4-еуі Ислам ынтымақтастық ұйымынан, 10-ы Түркі тілдес елдердің Парламенттік ассамблеясынан өкілдік етеді, сондай-ақ 112 адам шет елдерден келген байқаушылар.