ОСК Жаңаөзенде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты қабылдаған қаулының күшін жойды
«2012 жылдың 6 қаңтарында Орталық сайлау комиссиясы Жаңаөзенде сайлауды өткізбеу жөнінде тиісті қаулы қабылдаған болатын. Қаулы Мемлекет басшысы вето қойған Коституциялық кеңестің шешімі негізінде қабылданған еді. Жалпы, Жаңаөзенде қалыптасқан мәселенің екі шешімі бар болатын. Конституциялық кеңес заң мен заңнамалық нормаларды дұрыс көрді, ал Елбасы адам мен оның құқықтарын таңдады. Нәтижесінде Мемлекет басшысының байламы дұрыс болды. Бұны Президент шешімін Конституциялық кеңестің еңсере алмауы нақты дәлел», - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос талқыға түсіп отырған құжаттың мақсат-міндеттеріне тоқтала келе.
Оның сөзінше, осы себепке байланысты Орталық сайлау комиссиясының Конституциялық кеңес шешімі негізінде қабылдаған қаулысының күші жойылды.
Жаңаөзен қаласында Парламент пен мәслихат депутаттарын сайлау белгіленген мерзімде - 15 қаңтарда өтеді.