Өскемен әкімі ШҚО-дағы су тасқыны салдарын жою жөніндегі арнайы комиссияны басқарады

ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 1-і. Қазақпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Шөкеевтің төрағалығымен үкіметтік комиссияның қатысуымен ТЖ облыстық штабының отырысында аймақта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын комиссия құру қажеттігі туралы шешім қабылданды.
None
None

Ө.Шөкеев бастаған үкіметтік комиссия екі күн бойы аймақтағы су тасқыны жағдайымен танысты.

«Аймақта облыс әкімі басқаратын ТЖ облыстық штабы жұмыс істейді, енді су тасқыны салдарын қалпына келтіру мәселелерімен айналысатын арнайы комиссия құру қажет сияқты, оны мұндай жұмыстардан тәжірибесі мол Ислам Әбішев басқаратын болады. Ол Оңтүстік Қазақстанда жер сілкінуден кейін қалпына келтіру жұмыстарын басқарды», - деп атап өтті Ө.Шөкеев.

3-4 айдың ішінде қираған үйлерді толық қалпына келтіру қажеттігі аталып өтті (536 үй). «Бұл штабқа көп жұмыс атқаруға тура келеді», - атап көрсетті Ө.Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар