10:01, 09 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Өскемен Аяз Атаның отаны болады
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскемен қаласында Аяз Атаның резиденциясы орналасатын болады. Бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің жетінші аймақаралық ынтымақтастық Форумының қорытындыларына арналған кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.
«Күн шығыстан шығады» - деп атап өтті Б.Сапарбаев. Шығыс Қазақстанның орталығы - Өскемен қаласы барлық сәйкес инфрақұрылымы бар қазақстандық Аяз Атаның отанына айналатын қала болады.