Өскемен қаласының 15 балабақшасы өрт қауіпсіздігінің талаптарын өрескел бұзып келген

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Өскемен қаласының 15 балабақшасы өрт қауіпсіздігінің талаптары мен ережелеріне қайшы жұмыс істеп отырғандығын анықтады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат  Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  ШҚО прокуратурасы өртке қарсы қызметтің қызметкерлерімен бірлесіп, адамдар көп шоғырланатын әлеуметтік нысандар, яғни ауруханалар, балабақшалар мен мектептерде өрт қауіпсіздігі туралы заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізді.

  Нәтижесінде, Өскемен қаласының 15 балабақшасы бұл талаптарды өрескел бұзып отырғандығы анықталды. Мәселен, №46,102, 17, 80 және 99-шы балабақшалар терезелерін темір торлармен бекітіп алған болса, нөмірі 42,96 және сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған арнайы №62 балабақшада өрттің шығуы туралы автоматты түрде дабыл қағатын құрылғылар істен шыққан.  

 Семей қаласының орта білім беру нысандарына жүргізілген тексерістер де осыған ұқсас нәтижелер берген, яғни темір торлы терезелерден бөлек, оларда өрт сөндіретін алғашқы құрылғылардың болмауы, ғимарат қабырғаларының тез тұтануға бейім материалдардан жасалуы және басқа да  кемшіліктер анықталған. Емдеу мекемелері, стационарлық ауруханалар, қарттар үйлері мен интернаттардың қауіпсіздік жағдайлары да көңіл көншітерліктей емес.

 Тексеріс нәтижесіне байланысты ШҚО прокуратурасы облыс бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелеріне бұзушылықтарды жою бойынша шараларды қолдану және оған кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде  11 ұсыныс түсірді.

Соңғы жаңалықтар