12:01, 29 Ақпан 2012 | GMT +5
Өскемен қаласының әкімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмысын сынға алды
АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысын тексерді.

Есептік кездесу барысында қала тұрғындары 56 мыңға жуық зейнеткерлер, мүгедектер мен жұмыссыздар көмек сұрап баратын басқарма кеңсесінде қызмет көрсету сапасының мүлдем жоқтығына шағымданыпты. Сонымен қатар, мемлекеттік жәрдемақы мен олардың төлем құжаттарын рәсімдеу жұмыстары да осы жерде жүргізіледі екен.
«Келушілер үшін отыратын орындық қоюға да болмай ма?», - деді басқарманы аралау барысында әкім.
Кеңседе керек құжаттардың тізімі жазылған ақпарат кей жерлерде жоқ болып шықты.
Бұл мәселені қала әкімі жеке қадағалауға алды, деп хабарланды баспасөз қызметінен. Ол әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын үнемі тексеріп тұратындығына уәде берді.