Өскемен қаласының тұрғындары Астана күнін ауқымды мерекелік бағдарламамен атап өтті

ӨСКЕМЕН. 6 шілде. ҚазАқпарат - Өскемендіктер Астананың 15 жылдық мерейтойын мерекелік концерттермен, жарқын жәрмеңкелермен және көптеген спорттық жарыстармен атап өтті.
None
None

Шығыс Қазақстанның облыс орталығында Глубокий, Ұлан және Шемонаиха аудандары ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің және қолдаңбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкелері, аудандар әртістерінің концерттері өтті. Негізгі мерекелік іс-шаралар Республика алаңында, қалалық екі үлкен саябақта және Комсомольский аралында өтті.
Комсомольский аралында бұл күні футбол матчтары, Қарағанды және Павлодар облыстарының кәсіби спортшыларының қатысуымен «қазақша күрестен», сондай-ақ үлкен теннистен, пейнтболдан жарыстар және картингшілердің өнер көрсетулері өтті.
Спорттық жарыстар бағдарламасына сондай-ақ экстремалды байк-шоу сынды спорттың өзге де түрлері енді.
Қалалық саябақтарда Өскеменнің ең талантты балаларының концерті өтті.
Сонымен қатар, бүгін өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен қаланың жаңа әкімі Темірбек Қасымжановтың қатысуымен «Евромед» медициналық орталығының салтанатты ашылуы болды.
Астана күніне арналған шаралар Аблакетка шағынауданында балалар ойын алаңының ашылуымен, үлкен мерекелік концертпен және отшашумен жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар