08:25, 27 Ақпан 2012 | GMT +5
Өскемен мен Зырянда жерасты дүмпулері байқалды
АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - 26 ақпан күні, сағат 12.25-те Ресей Федерациясының аумағында жер сілкінді, оның кіндігі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1800 шақырым жерде орналасты.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, MSK-64 бағаны бойынша 2-3 балл қуатымен жерасты дүмпулері Шығыс Қазақстан облысының Өскемен және Зырян қалаларында байқалды. Құрбандар мен қираулар туралы мәліметтер жоқ.