Өскемен титан-магний комбинатының президенті Бағдат Шаяхметов - «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

ЕН.   Желтоқсанның 22-сі.  ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Қазақстанның  экономикалық  дамуына  қосқан      айтулы  үлесі,  өндірістік  қызметтегі    жетістіктері  үшін  «Өскемен  титан-магний комбинаты»    акционерлік  қоғамының  президенті Бағдат Шаяхметовке     ең жоғарғы   мемлекеттік  награда - «Қазақстанның Еңбек Ері»  атағы  берілді. Білікті  басшыға награданы     Тәуелсіздік күні мерекесінде   Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев  табыс етті. Бүгінгі таңда титан-магний комбинаты кеуекті титан өндіру саласында әлемдік көшбасшы болып саналады.
None
None

Өндірістің өрге басуына көп үлес қосып келе жатқан Бағдат  Мұхаметұлы  Шаяхметов  Өскемен    титан-магний зауытында   40 жылдан     бері  жұмыс істеп келеді.  Мұнда  ол     мансаптық    өсудің  барлық  сатысынан  өтіп,  токарлықтан      зауыт басшысы  қызметіне дейін жетіп  отыр. Сонау қиын-қыстау 90 жылдары ол аса жауапты да күрделі комбинатты басқару міндетін өз мойнына алды. Ол кезде титан шикізатының бұрынғы тұтынушылары шет елдерде қалған соң, еліміздің түсті металлургия саласының озат кәсіпорыны ауыр дағдарыс жағдайында болатын. Жаңа директордың іскерлігі, біліктілігі, ұйымдастыра білу шеберлігі мен адами қасиеті арқасында кәсіпорын заман талабына сай құралдармен жабдықталып, өнім сапасын халықаралық деңгейге көтерді, өз шикізат негізін құрды. Елімізде осы салаға қолдау көрсету туралы үкіметтік бағдарлама әзірлеу туралы бастама көтерген де осы Бағдат Мұхаметұлы болды. Соның арқасында мемлекет тарапынан металлургтарға көмек көрсетіліп, қазір Бағдат Шаяхметов басқаратын титан-магний комбинаты құйма титан өндіретін жаңа зауытты іске қосуда. Келесі қадам - жапырақ титаннан өнімдер шығару. Жоғары технологиялық бұл өндіріс орыны әуе-ғарыш кешеніне арналған өнімдер шығарып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Экономикалық байланыстар құлдыраған сонау  дағдарыс жылдарынан кейін  кәсіпорын   біртіндеп   күш   жинай  бастады,    ал  кейіннен     қол жеткізілген  ірі   келісімшарттар  мен  қолға алынған   халықаралық    сертификациялық   шаралар   зауытты       халықаралық деңгейдегі  ең  үлкен  қазақстандық    кәсіпорындардың  қатарына  қосты.

Атап  айтқанда, «Таймет» фирмасымен   жасалған   ұзақмерзімдік келісімшарттар (титан жартылай  фабрикаттары мен қоспалары)     комбинатты  ұшақ  жасау,  мотор жасау,  авиағарыш салалары  үшін  титанның   ірі  ықпалдасқан  жеткізілімшілерінің  қатарына  шығарды.

Бүгінгі таңда Өскемен  титан-магний комбинатының    өнімдері    титанның әлемдік  нарығының 14 пайызын    құрап  отыр.  Зауыт  өнімдерінің   17 пайызы    халықаралық аэроғарыш  саласына  жұмсалады.

Сонымен  бірге француздармен бірлескен  кәсіпорын құрылуда -      бұл мәселе    Франция Президенті  Николя  Саркозидің    жақында біздің елімізге жасаған   спаарының барысында талқыланды.

Анықтама: 1969 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген, инженер-металлург.
1969 жылдың 14 қазанынан бастап Өскемен титан-магний комбинатында жұмыс істейді. Титан өндірісі тазалау бөлімінің 5-разрядты жұмысшысы, Өскемен титан-магний комбинатының №2 цехының өндіріс шебері, аға өндіріс шебері (1969-1974);
Өскемен титан-магний комбинатының №2 цехының партия бюросының хатшысы, Өскемен титан-магний комбинатының партия комитеті хатшысының орынбасары (1974-1980);
Өскемен титан-магний комбинатының №5, №3 цехтарының бастығы (1980-1987);
Өскемен титан-магний комбинатының коммерциялық мэселелер жөніндегі директорының орынбасары (1987-1989); Өскемен титан-магний комбинатының бас инженері (1989-1990);
Өскемен титан-магний комбинатының  директоры (1990-1993); «Өскемен титан-магний комбинаты-Холдинг» Мемлекеттік холдинг компаниясының президенті - «Өскемен титан-магний комбинаты» ашық акционерлік қоғамының директоры (1993-1995);
«Өскемен титан-магний комбинаты» ашық акционерлік қоғамының президенті (1995-1996);
«Казатомөнеркәсәп» ¥лттық атом компаниясының президенті, сонымен қатар «Өскемен титан-магний комбинаты» ашық акционерлік коғамының президенті (1996-1998).
1998 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін «Өскемен титан-магний комбинаты» ашық акционерлік қоғамының президенті.


Наградалары:  «Құрмет Белгісі» ордені, «Қазак Кеңес Социалистік Республикасының  еңбек  сіңірген кызметкері» құрметті атағы, «Қазақстан Республикасы кен орындарының алғаш ашушысы» құрметті атағы, Қазақстан Республикасы Мемлекетік сыйлығының лауреаты, «Отан» ордені, «Қазақстан Республикасы инженерлік ісінің дамуына сіңірген еңбегі үшін» белгісі, «Еңбек даңқы» 3-дәрежелі кұрмет белгісі ордені. Өскемен каласынын құрметті азаматы.

Соңғы жаңалықтар