Өскеменде 3 адам иіс тиіп уланды

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - 29 ақпан күні сағат 21.01-де Өскемендегі Нефтяная көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйде өрт болды.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өрт сағат 23.12-де сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 10 шаршы метрді құрады. Өрттің салдарынан екі ересек адам мен бір бала иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар