Өскеменде әскери қызметкер өз өмірін қиюға ниет еткен қызды құтқарып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде ҚР Ұлттық гвардиясының 3477 әскери бөлімінің қызметкері өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлады ҚР Ұлттық гвардияның баспасөз қызметінен.
None
None

26 сәуір күні өзі қызмет ететін бөлімге бара жатқан келісімшарт негізіндегі әскери қызметкер Азамат Құмаров Үлбі өзенінің үстіндегі көпірдің қанатында тұрған жас қызды байқап қалған. Көліктер оның маңынан тоқтамастан өтіп жатқан.

«Бірден «оның бұл әрекетін тоқтату керек» деген ой келді», - деп еске алады Азамат. Көлігін жолдың жиегіне тоқтатқан ол қызға білдірмей жақындап келіп, қарсылық білдіргеніне қарамастан, қауіпсіз жерге алып шығады. Алайда қыз одан қашып, көпірдің екінші жағына өтіп кеткен. Шапшаң әрекет еткен әскери қызметкер оны тоқтатқан соң, тәртіп сақшыларына хабарласқан. Ол полиция қызметкерлері келгенге дейін өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне тосқауыл болу үшін қыздың қасынан кетпеген. Қазіргі уақытта жас қыздың неліктен өз өмірін қиюға талпынғаны анықталуда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум