Өскеменде бір айдың ішінде 26 жол-көлік оқиғасы тіркелді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қаңтар айында 26 жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір айдың ішінде Өскеменде 24 жол апаты болған. Соның салдарынан 1 адам көз жұмып, 30 адам жарақат алыпты.

«Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – мас күйде көлік жүргізу, қарсы бағытқа шығып кету және бекітілген жылдамдық шегінен асыру. Осы орайда 5-7 ақпан аралығында «Қарсы жолақ», «Мас жүргізуші» жедел алдын алу шаралары жүргізіледі», - делінген ведомство мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар