Өскеменде бизнесті дамытуға кедергі келтіретін рұқсат ету ресімдері жедел қысқартылуда

ӨСКЕМЕН. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде бизнесті дамытуға кедергі келтіретін рұқсат ету ресімдері жедел қысқартылуда. Бұл жөнінде Өскеменнің әкімі Ислам Әбішевтің төрағалығымен өткен «дөңгелек үстелде» сөз қозғалды.
None
None

Мұнда сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуың жағдайларын зерттеу қорытындылары бойынша жасақталған Ақпараттық қолдау қорының ұсынысы қаралды.

 Қор консультанты Александр Самойловтың айтуынша, Өскемендегі бизнес-ахуалды іс жүзінде жақсартудағы орын алып отырған факторлардың бірі лицензиялық-рұқсат ресімдер санын айтарлықтай қысқарту болып табылады.

 Қала әкімдігінде тәуелсіз сараптама тобы құрылуда. Оның құрамына қала әкімдігінің, бизнес, азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері, заңгерлер, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаушылар енді. Сараптама тобын қала әкімінің орынбасары Оксана Желякова басқарады.

Соңғы жаңалықтар