Өскеменде бұрынғы полиция қызметкері аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айрылды

Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін күшінде қалдырды.
Қылмыстық іс материалдары бойынша 2012 жылғы шілде айында қызметтік жағдайын пайдалана отырып, С. есімді азамат П. есімді азаматшадан алдау жолымен бағасы 22 980 теңге тұратын екі цифрлық фотоаппаратты алып, құнын белгісіз адамнан алынған героинмен өтеуге келіскен.
2012 жылғы 21 тамызда ол азаматшаға героиннің орнына димедрол, 31 тамызда 0,1530 грамм, ал 7 қыркүйекте тағы 0,5585 грамм героин табыстады.
С. есімді азамат пен П. есімді азаматшаның барлық кездесулері жазылып алынған, бірінші инстанция сотында жүргізілген бейнематериалдарды көріп шығу және олардың арасындағы әңгімелерді естірту экс-полицей П. есімді азаматшаға есірткі немесе есірткі түріндегі затты бергенін анық көрсетті.