Өскеменде екі елдің шекаралас аймақтары форумы аясында ұйымдастырылған көрмеге батысқазақстандық кәсіпорындар да қатысты
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жайықжылуқуат» АҚ Орал жылу қуат орталығына қуат үнемдейтін технологияны енгізудің КИОТ келісімі шеңберіндегі модельдік жобасын іске асыру тақырыбындағы көрмесін дайындап, көпшілікке ұсынды. Бұл жобаға қатысушылар жапондық «Недо» ұйымы мен Қазақстан Үкіметі атынан Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі болатын. Аталмыш жоба бойынша 2006 жылы қазан айында Орал ЖҚО-да қуаты 28,5 МВт-тық газтурбиналы стансы іске қосылған еді. Ал «Гидромаш-Орион» компаниясы қуаты 54 МВт-ты құрайтын газтурбиналы стансының макеті мен осы жобаға қатысты стенд әзірлеп апарды. Бүгінде жоба бойынша Зеленов ауданына қарасты Новенький ауылының маңында стансының құрылысы жүруде. Оның бірінші блогы іске қосылды. Онда электр қуаты өндіріліп қана қоймай, өндіріс барысында пайда болатын жылу да іске жаратылмақ. Яғни қалдықсыз өндіріс, қуат үнемдейтін озық технологияның бір үлгісі бұл.
«Форумға қатысушылар оралдықтар қолға алған қуат үнемдейтін технологиялық жобаларға қызығушылық танытып, үлкен ынта-ықыласпен танысты», деді Ғ.Дүйсембаев.